Ауғанстанда су тасқыны кезінде 20 адам қаза тапты
Ауғанстанның солтүстік-шығысында алапат тасқыннан кемінде 20 адам қаза тапты. Құрбандар саны әлі өсуі мүмкін. Себебі 100 шақты тұрғын жоғалып кеткен. Мұны тәліптер үкіметі хабарлады.
Су апатынан Нуристан провинциясының астанасы Парун қаласы ең көп зардап шекті. Бұл шаһарда бірталай үй құлап, 80 адам жараланған. Қазір іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр.
Ғалымдардың айтуынша, Ауғанстан климаттың өзгеруі алдындағы ең осал елдер қатарына кіреді. Қазір бұл мемлекеттің кейбір аудандарында қуаңшылық күшейіп бара жатса, өзге аймақтарында жаңбыр жиі жауатын болған.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04