Францияда алапат өрттен 20 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді
Францияның оңтүстігінде алапат орман өртінен 20 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың жартысынан көбі - туристер. Жалын бір тәулікте 2 мың 400 гектар аумақты шарпыған. Тілсіз жаудан екі өрт сөндіруші қаза тапты. «Би-Би-Си-дің» мәліметіне сай, өрт ормандағы жолдарды тазартуға арналған техникадан шықан болуы мүмкін. Әзірге бұл ақпарат ресми расталған жоқ. Тілсіз жаудан Ле-Порж қаласы зардап шекті. Өңірде қызыл түсті қауіп деңгейі жарияланды. Өртпен күрес жалғасып жатыр.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04