Токиодан бөлек, тағы бір астана құрылмақ
Жапония парламенті төтенше жағдай кезінде Токиоға балама болатын «Екінші астана» құру туралы заң қабылдады. Жаңа заңға сәйкес, Премьер-министр халық саны мен экономикалық ахуалына қарай отырып, резервтік астананы тағайындай алады. Сарапшылар бұл бастама елдің батысындағы Осака қаласын ірі әкімшілік және экономикалық орталық ретінде дамытуға ықпал етеді деп есептейді. Бірақ бұл жоба парламентте қызу пікірталас тудырды. Оппозиция оны саяси мүдделерге қызмет етеді деп сынға алды. Қарсылыққа қарамастан көп дауыспен құжат қабылданды. Сонымен қатар Жапония парламентінің жоғарғы Кеңесшілер палатасы енді ресми түрде Сенат деп аталады.
Автор
Ақниет Балтанова
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04