Қазақстанда коллекторлық агенттіктердің қызметі өзгереді
Елде коллекторлық агенттіктердің жұмыс тәсілі өзгереді. Енді олардың негізгі міндеті тек берешекті өндіріп алу емес, сонымен қатар, борышкердің төлем қабілетін қалпына келтіруге де көмектеседі. Атап айтқанда, қарыз алушылардың өтініштерін қарауға, қайта құрылымдау жолдарын ұсынуға, төлемді кейінге шегеруге, өтеу кестесін өзгертуге, айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруға, сондай-ақ негіз болған жағдайда берешекті ішінара немесе толық кешіру міндеттелмек. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. Бұған дейін проблемалық несиелерді коллекторларға беруге мораторий енгізілген еді. Нәтижесінде, проблемалық қарыз алушылар саны 61%-ға азайып, әлеуметтік осал топтағы 142 мыңнан аса азаматтың қарызы толық өтелді.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04