Қостанайда ауыл тұрғыны 5 мыңға жуық кітап оқыған
Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Барвинов ауылының 64 жастағы тұрғыны Валентина Токарева 40 жылда бес мыңға жуық кітап оқыған. Қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы туындыларын тұрақты оқитын ол ауыл кітапханасына жаңадан түскен басылымдардың бірін де қалт жібермейді. Бүгінде Барвинов ауылдық кітапханасының қорында 6 мыңнан астам кітап сақтаулы. Валентина Токарева әдеби байқауларға да белсене қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Кітап оқуға деген құштарлығы өскелең ұрпаққа өнеге.
Валентина Токарева, ауыл тұрғыны:
Чехов, Пушкин, Джек Лондон, Бредберри, Эрнест Хеменгуэй, Айтматовтың шығармалары драмаға толы. Бұл – менің өмірімнің ажырамас бөлігі. Кітап оқу есте сақтау қабілеті мен адамның қиялын шыңдайды, ой салып, эмоция, түрлі сезім сыйлайды.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04