Сарапшы: Демократия – бұл жай ғана дауыс беру емес
Демократия – бұл жай ғана дауыс беру емес. Саяси науқанда әр азаматтың үні естіліп, заң үстемдігі мен ашықтық қағидаты сақталса, нағыз тартысты бәсеке сол болмақ. Қазақстан–Корея достық қауымдастығының төрағасы Квак Ён Гиль осылай деп пікір білдірді. Оның айтуынша, партиялар арасындағы сайлау бәсекелестікті күшейтіп, саяси мәдениетті арттырады.
Квак Ён Гиль, Қазақстан–Корея достық қауымдастығының төрағасы:
Қазақстанның жаңа конституциялық жүйесі мен алғашқы Құрылтай сайлауын аса маңызды тарихи кезең деп есептеймін. Оңтүстік Корея да демократия мен өркениетке бастайтын ұзақ жолдан өтті. Сол жолда біздің түйгеніміз – әр азамат жауапкершілікті сезініп, мемлекеттік институттар халық алдында есеп берсе, ел тұрақты түрде дами түседі. Сондықтан Құрылтай сайлауы бейбіт әрі ашық түрде өтеді деп сенемін. Екі ел арасындағы достық-әріптестік байланыс нығая берсін.
Автор
Ақниет Балтанова
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04