Институционалды өзгерістер елдің дамуын жеделдетеді
«Қазақстандағы институционалды өзгерістер елдің дамуын жеделдетіп, бұқараның билікке сенімін арттыра түседі». Елдегі ахуалды зерттеуші еуропалық сарапшылар осылай дейді.
Олардың пайымынша, партиялар арасындағы ашық бәсеке, саяси науқанның заңға сәйкес өткізілуі – елдегі демократияның айқын көрінісі. Сарапшылар билікті әртараптандырып, барлық азамат үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді көздейтін реформалар өз жемісін береді деген сенімде.
Валерия Санти, Брюссельдегі геосаясат институтының аға зерттеушісі:
Реформалар жалпыұлттық референдумда мақұлданып, қоғамдық қолдауға ие болғанын білеміз. Билікті қайта бөлу және парламенттік жүйені өзгерту – терең институционалдық жаңғыртуды білдіретін маңызды қадам. Бұл тепе-теңдік жүйесін нығайтуға және азаматтардың мүддесі үшін тиімді қызмет ететін мемлекеттік институттарды құруға көмектесетіні анық. Бұл процеске азаматтық қоғам өкілдерінің белсене қатысуы жоғары бағаға лайық.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04