Вашингтонда өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды
АҚШ-та алапат өртпен күрес қиын болып жатыр. Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланды. Тілсіз жау Спокан округін шарпыған. Соңғы мәліметтерге сай, 60 мыңдай тұрғын үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшірілді. 600-дей ғимарат өртенген. Өрт демалыс күндері басталды. Оның аумағы 21 мың шаршы шақырымға жеткен. Құрғақ ауа райы, екпінді жел мен аптап ыстық өрттің тез таралуына себеп. Жалынмен күреске 900-дей өрт сөндіруші тартылған. Вашингтон штатының губернаторы федералдық орталықтан өртпен күреске қосымша ресурс бағыттауды сұрады.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04