Грант бойынша білім алған 269 түлек міндеттемелерін орындамаған
Атырауда мемлекеттік грант бойынша білім алған 269 түлек міндеттемелерін орындамаған. Қазір 260 іс қаралып, сотқа жолданбақ. Сонымен қатар 3 түлекке қатысты азаматтық іс қозғалып, тағы 6 адамға сот шешімі шыққан. Олар оқытуға жұмсалған шығын мен заңда көзделген айыппұлды өтеуі тиіс. Талапқа сәйкес, мемлекеттік білім беру грантымен оқыған түлектер оқуын аяқтаған жылы қыркүйек айына дейін жұмысқа орналасып, бұл туралы «Қаржы орталығына» хабар беруі тиіс. Егер жұмысқа орналаса алмаса, тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына жүгініп, жұмыссыз ретінде тіркелуі керек.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04