Чилиде алапат су тасқынына қарсы күрес жалғасып жатыр
Чилидің оңтүстігінде алапат су тасқынымен күрес жалғасып жатыр. Табиғи апатқа бірнеше күн бойы төпелеп жауған жаңбыр себеп. Жауыннан Биобио аймағындағы өзендер арнасынан асып, талай елді мекенді су басып, жолдар бұзылып, егістік алқаптары жойылған.
Тасқын алдағы күндері тіпті күшеюі мүмкін. Себебі жергілікті синоптиктер жауын тағы құюы ықтимал екенін айтады. Ал аймақ басшылығы тұрғындарға өзен-көлдерге жақындамауды ескертіп отыр.
Патрик Угарте, жергілікті тұрғын:
Бізге таныстар телефон соғып, үйімізді су басқанын айтты. Келдік, көрдік. Ішке кіре алмадық. Бәрінен айырылдық деуге болады. Дүние-мүлкіміз түгел су астында жатыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04