Түркия парламенті Күрдістан Жұмысшылар Партиясын таратуға негіз болаты заң қабылдады
Түркия парламенті Күрдістан Жұмысшылар Партиясын таратуға негіз болатын заңды мақұлдады. Осылайша 40 жылдан астам уақытқа созылып, ондаған мың адамның өмірін қиған жанжалды тоқтатуға үлкен қадам жасалып отыр.
Құжатты 600 орындық заң шығару органындағы 462 депутат қолдаған. Тарихи заң аталған партияның мыңдаған мүшесіне амнистия жариялауды қарастырады. Дегенмен, күрдтер жетекшісі Абдулла Оджалан рақымшылыққа әзірге ілікпейтін тәрізді.
Айта кетсек, Түркия, АҚШ, Еуропа одағы тЕррористік ұйымдар тізіміне қосқан Күрдістан Жұмысшылар Партиясы түрік үкіметіне қарсы көтерілісті 1984 жылы бастады. Содан бері екі жақ арасындағы қақтығыстардан 40 мыңдай адам опат болған.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04