11 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Алматы полициясы түнгі уақытта жүретін балалардың қауіпсіздігіне қатысты бақылауды күшейтті. Тексеріс нәтижесінде соңғы жеті айдың ішінде түнде өз бетімен жүрген 11 мыңға жуық кәмелетке толмаған жеткіншек анықталған.
Заңды өкілінсіз жүргені үшін баланың ата-анасына 13 мың теңгеге жуық
айыппұл салынады. Ал жасөспірім тұрғын үйден тыс жерде түнгі уақытта
ересектердің қарауынсыз жүрсе, алдымен ата-анаға ескерту жасалады. Егер бір жыл
ішінде қайталанса, 30 мың теңгеден астам айыппұл салынады.
Айта кетейік, ел бойынша рейд жүргізген
полицейлер үш күнде бөлімшеге 2 мың 400-ден астам жасөспірім жеткізген.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04