Қытайда бірнеше провинция көшелерін су басты
«Дельфин» тайфуны бүгін Қытайдың орталығына жетіп, туристер демалатын орындар жабылып, құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылды. Хубэй провинциясында жауын құйып, көшелер өзенге айналып, көлік қатынасы тежелген. Сонымен қатар мемлекет астанасы Бейжіңнің шетіндегі төрт ауданға да тасқын қаупі төнгені ескертілді. Ал Сянъян қалалық округының 35 резервуарында су деңгейі көтеріліп, 9700-ден астам адамға эвакуациялануға бұйрық берілді.
Қытайдың шығысындағы жағдай да қиын. Мұндағы Аньхой және Цзянсу провинцияларында тропикалық дауыл соғып, төпелеп жаңбыр жауып, су тасып, лай көшкен. Құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04