Канадада орман өрті өршіп барады
Канадада орман өрті өршіп, Британдық Колумбия
провинциясында 20 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Жергілікті билік өңірде төтенше жағдай жариялады. CGTN арнасының түсірілімінен бірнеше
елді мекеннің отқа оранғаны, ал өрт сөндіру көліктерінің тілсіз жауды
тоқтатуға бара жатқанын көруге болады. Ақапаратқа сай өрт сөндіру
жұмыстарына екі мыңнан астам маман жұмылдырылған. Жағдайды пирокумулятивті
бұлттардың пайда болуы да күрделендіріп отыр. Олар жаңбырсыз найзағай туғызып,
жаңа өрт ошақтарының тұтануына себеп болуы мүмкін. Сондықтан өрттің таралу
бағытын болжау қиын болып тұр.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04