Индонезияның Бали аралында паром өртенді
Индонезияның Бали аралынан Ломбок қаласына кетіп бара жатқан паром өртенді. Соңғы мәліметке қарағанда, бір адам қаза тауып, 172-сі құтқарылған. Қазір жоғалып кеткендер іздестіріліп жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, лапылдаған жалын тез тарап, кемеде тұрған автомобильдерді де шарпыған. Қауіп төнген шақта кейбір жолаушылар суға секіріп, көмек күткен. Паромда оттың неден тұтанғаны белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Айта кетсек, Индонезия – 17 мың аралдан құралған архипелаг. Сондықтан мұнда
ұшақпен салыстырғанда билеті арзан паромдар көліктің негізгі түрі саналады.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04