Қостанайда еріктілер жылыжайға 100 өсімдік түрін екті
Қостанайда еріктілер жылыжайға 100-ге жуық өсімдік түрін екті. «Таза Қазақстан» жобасы аясында өткен екі күндік эко-слетке 20-дан аса ерікті қатысып, облыстағы экологиялық маңызы бар нысандарды аралады. Қатысушылар қайта өңдеу кәсіпорындарына, тәлімбақтар мен жылыжайға барып, табиғатты қорғауға сеп бірнеше игі жобамен танысты. Жиынның басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, жаңа бастамаларға ұйытқы болуына жол ашу.
Наурызбек Бірмағамбетов, экобелсенді:
Бұл әлемдегі бір жылыжайға өсімдіктің 100 түрі егілген алғашқы жоба. Оның білім беру бағытындағы маңызы да зор. Алдағы уақытта мұнда студенттер мен оқушылар келіп, әр өсімдік түрімен таныса алады. Олардың ерекшелігін, табиғатқа тигізер пайдасын және экологиялық маңызын зерттейді.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04