Филиппинде мектепте болған атыстан оқушылар қаза тапты
Бүгін Филиппинде мектепте болған атыстан екі оқушы қаза тапты. Мерт болғандардың біреуі – шабуылшының өзі. Мұны Ұлттық полиция өкілдері мәлімдеді. Олардың сөзінше, қанды оқиға Замбаонга қаласының универстетіне тиесілі орта білім мекемесінде болған.
Полицияның алдын ала мәліметіне қарағанда, 9-сыныптың баласы сыныпқа тапаншамен және автоматпен кіріп, оқ жаудырып, 10 жасар оқушыны өлтірген. Екі жеткіншек жараланды. Қазір оқиғаның себебі тексеріліп жатыр.
Айта кетсек, Филиппинде мұндай жағдайлар сирек болады. Соңғы рет маусымда осы елдің Талкобан қаласының мектебінде дәл осындай шабуылдан 3 бала қаза тапты.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04