Боливияда қалың қар түсіп, төтенше жағдай жарияланды
Боливияның Анд таулары аймағына қалың қар түсіп, көлік қатынасы қиындап, ауа температурасының төмендеуінен мал шаруашылығына қауіп төніп тұр. Сонымен қатар, суықтан саудагерлер базардағы сөрелерін тастап кеткен.
Жалпы алғанда, бес департаментті қар басып, жолдар жабылып, ондаған жүк машинасы діттеген жеріне жете алмады. Ал Потоси ауданында жайылымдық жерлер қар астында қалғандықтан, 165 мың лама мен бірнеше отар қой азықсыз қалып, төтенше жағдай жариялауға тура келген.
Қазір жергілікті үкімет 400 отбасы мен мал шаруашылықтарына көмек көрсетіп жатыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04