Бұрынғы мультимиллиардер қалған өмірін түрмеде өткізеді
Бүгін Қытай соты әлемдегі аса ірі China Evergrande Group жылжымайтын мүлік операторының негізін қалаған Хуэй Ка Яньға үкім кесті. Енді ол қалған өмірін түрмеде өткізетін болды. Сонымен қатар оның жеке мүлкін түгелдей тәркілеуге үкім шықты.
Сотталушыға сегіз бап бойынша айып тағылған. Олардың қатарында алаяқтық жолмен ақша жинау, клиенттердің қаржысын мақсатсыз пайдалану және елден заңсыз депозит алу тәрізді баптар бар.
2017 жылы Ка Янь 43 миллиард доллар дәулетімен Қытайдағы ең бақуатты адам саналды. Жергілікті ақпарат құралдары оны жылжымайтын мүлік саласында байығаны үшін Дональд Трампқа жиі теңеген.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04