СҚО-да дәндік жүгеріні өсіруді қолға алды
Биыл Уәлиханов ауданында 200 гектар алқапқа тұқым сіңірілген болатын. Дәндік жүгері – жылу және ылғал сүйгіш дақыл. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде, суармалы алқаптарда өсіріледі. Орта есеппен гектарынан 15 центнер өнім жиналады. Ал солтүстіктің топырағында жүгеріні суармай өсіру көзделген. Диқандар тәжірибелік алқаптан гектарынан 5 центнер өнім аламыз деп болжап отыр. Орақ қазан айының ортасында басталмақ. Мамандардың айтуынша, 5 түрлі тұқым егілген. Тәжірибе қорытындысына сай, Солтүстік Қазақстанның климаттық жағдайына ең оңтайлы түрі таңдалып алынады. Егістікте минералды тыңайытқыштарды пайдалану әдістері, арамшөп және зяинкестермен күрес тәсілдері де сыналады.
Нұрлан Оспанов, «Қазақстан астық одағы» бірлестігінің төрағасы:
Мал шаруашылығын дамыту үшін сапалы азық қоры болуы шарт. Жүгері – маңызды дақылдардың бірі. Оны өсіру үшін шаруаларға көмек керек. Әрі егістік алқаптарды әртараптандырамыз. Пилоттық жоба жақсы нәтиже берсе, мұндай технологияны Солтүстік Қазақстан облысының өзге аудандарында да енгізу жоспарланып отыр.
Автор
Эльмира Кәленова
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04