Қазақстан байрағы әлемде үздік деп танылды
Reddit платформасында Flags of the World атты ауқымды онлайн-турнирі өтіп, интернет қолданушыларына 64 мемлекеттің туы ұсынылған. Дауыс беру нәтижесінде біздің байрағымыз үздік атанды. Есте қалатын дизайн, түстердің үйлесімділігі, тудың мағынасы тұрғысынан қарап, реддит қолданушылары өз таңдауын жасаған. Жалпы турнир плей-офф форматында өткен. Яғни екі ту қатар қойылады, келесі кезеңге көп дауыс жинаған елдің байрағы өтеді. Ширек финалда Қазақстан туы Бразилияны, оған дейін Черногорияны басып озған. Соңғы нәтиже бойынша екінші орынға Кирибати, үшінші орынға Бутан елі, ал одан кейін Сейшел аралдары жайғасты.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04