Оралда Ұлттық ұлан сарбазы өрттен екі баланы құтқарды
Оралда Ұлттық ұлан сарбазы өрт шыққан пәтерден екі баланы аман алып қалды. Оқиға кешкі уақытта көпқабатты үйлердің бірінде болған. Көмек сұраған дауысты естіген Армат Абылғалиев дереу бесінші қабатқа көтеріліп, қою түтінге қарамастан, пәтер ішінде қалған екі баланы сыртқа алып шыққан. Кейін төтенше жағдай қызметіне хабар беріп, өрт сөндірушілер жеткенше жалынды өзі ауыздықтауға тырысқан. Балалардың ата-анасы бейбіт күннің батырына балаларын аман алып қалғаны үшін алғыс білдірді.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04