Түркістан облысынан Алматыға керуен жолға шықты
Түркістан облысынан Алматы қаласына ауыл шаруашылығы өнімдерінің керуені жол тартты. Оңтүстіктен жиналған азық-түлік өнімдері алып шаһарда 29-30 тамыз күндері өтетін жәрмеңкеде саудаланатын болады. Жәрмеңкеге шығатын жүк көліктеріне жалпы көлемі 500 тоннадан аса өнім тиелген. Яғни ет және сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, бақша дақылдары және басқа да жергілікті өнімдері бар. Ал бағалары нарықтағы орташа бағадан 15–20 пайызға төмен болады. Бұл – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өз өнімін тікелей тұтынушыға өткізуге, ал тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді отандық өнімді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.
Нұрпапа Көбеев, Сайрам аудандық кәсіпкерлік және а/ш бөлімінің маманы:
Алматыға біздің ең басты алып бара жатқанымыз жылқы еті, мал еті, сүт өнімдері, көкніс, жемыс шырындары. Биыл бізде қосылып жатқан жаңа өнім түрі, былтырғы жылдан басталды, ол – банан. Жалпы 21 түрлі тамақ қауіпсіздігінің қамтамасыз ететін азық-түлік өнімдері болатын болса, соның ішінде басқа өнім түрлері жеткілікті.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04