Балалар «Семей орманында» дәріс тыңдады
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Семей орманы» табиғи резерватында балалар үшін экологиялық сабақ өтті. Мамандар жасөспірімдерге жасыл желекті қорғау, өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша экскурсия ұйымдастырды. Қарағайлы алқапты көбейту, көшеттерді күтіп-баптау мен егудің қыр-сырын баяндады. Биыл облыста орманшылар мен тұрғындар бірлесіп 60 мың көшет еккен. Ал соңғы үш жылда өңірде 194 мыңнан астам ағаш отырғызылған. Табиғатқа немқұрайлы қарағандарға да бақылау күшейді. Тазалық талаптарын сақтамаған азаматтарға 37 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.
Автор
Ержан Жақып
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04