Индонезияда вулкан атқылап, 2 мыңдай әуе рейсі доғарылды
Индонезияда отты тау оянып, әуежайларда 2 мыңдай рейс тоқтатылды. 270 мыңдай жолаушы жолдан қалды. Елдің авиациялық порттарында мұндай жағдай екінші күнге ұласып отыр.
Анак-Кракатау жанартауы жұманың кешінде атқылай бастады. Ол шашқан от пен күл 15 шақырым биіктікке көтерілген. Демалыс күндері де басылмаған вулкан тозаңы аспанда анықталғаннан кейін, ел астанасы Джакарта мен өзге үш қалада әуежайларды бүгін де жабуға тура келді. Ал мамандар ауаның тазалығын жарты сағат сайын тексеріп жатыр.
Жергілікті ақпарат
құралдарының хабарлауынша, бүгін Индонезияда мектептер де жабылып, теңізде
кемелер қатынасы қиындаған.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04