Сарыағаш теміржол вокзалы қайта ашылды
Түркістан облысындағы «Сарыағаш» теміржол вокзалы қайта ашылды. Жаңа вокзалдың арқасында алдағы уақытта көлік қатынасын жақсарып, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге оң ықпал етеді. Мұнда жолаушылар үшін 30 орындық күту залы, билет кассасы, анықтама бюросы және асхана қарастырылған. Сондай-ақ ана мен балаға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бөлме бар. Станция тәулігіне 500-ге жуық жолаушыға қызмет көрсетеді.
Мұстафа Сүлейменов, Сарыағаш қаласының тұрғыны:
Вокзал Қазақстанның кіре берісіндегі ең бірінші ғимарат, ең бірінші жолаушыларды қабылдайтын орын. Сондықтан бұл жердің әдемі, көрікті болуы міндетті дүние еді. Бұл вокзал келіп жатқан қонақтарға, елге жақсы күндерде қызмет ете берсін.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04