«Лоуэлл» дауылы Гавай аралдарына таяды
Гавай аралдарына «Лоуэлл» дауылы жақындап қалды. Желдің жылдамдығы сағатына 185 шақырымға жеткен. Жергілікті билік дүлей дауылға байланысты төтенше жағдай жариялады. Мектептер мен мемлекеттік мекемелер уақытша жабылды. Дауылмен күреске әскерилер де тартылды. «Лоуэллдің» күші 70 мыңнан астам тұрғыны бар Кауаи және Ниихау аралдарына да жетуі мүмкін. Бұл жерлерде үздіксіз нөсер жауып, су тасқыны болуы ықтимал. Тамызда Гавайға «Лала» дауылы соққы беріп, ондаған мың адам электр жарығынсыз қалған еді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04