Қазақстан мен Корея бірлескен жобаларды іске асырады
Қазақстан мен Оңтүстік Корея экономикалық әріптестікті одан сайын арттырмақ. Бүгін Сеулде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа екі ел бірлескен инвестициялық жобалар таныстырылды. Солардың бірі Алматыда жергілікті автобөлшектер зауытын іске қосу. Мұнда отандық орындық қаптамасы, еден жабыны, дөңгелек дискілері сынды заттар шығарылмақ. Ал Қостанайда KIA компаниясының локализация орталығы ашылады. Кәсіпорында көліктің есік панельдері, бамперлері және басқа да құрал-жабдықтары өндіріледі. Бұдан бөлек медициналық ультрадыбыстық диагностика жүйелерін шығару, Алматыда заманауи көпбейінді аурухана салу және дрондар құрастыру жоспарда бар.
Автор
Ернұр Медет
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04