Алаяқтар ҚМА атынан жалған ақпарлар таратқан
Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы ескертті. Алаяқтар мемлекеттік органның біріне жалған хат жолдап, белгілі бір азаматқа қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын айтып, оның жеке мәліметтерін сұратқан. Олар бұған дейін де осындай тәсілді қолданған. Жеке мәліметтер мен банк деректерін алуға, сондай-ақ ақша аударуға мәжбүрлеуге тырысқан. Телефон немесе мессенджер арқылы байланысып, өздерін агенттік қызметкері ретінде таныстырған. Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлердің телефон арқылы банк шотының деректерін сұрамайтынын және ақша аударуды талап етпейтінін хабарлайды.
Автор
Айнұр Маратқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04