Алтай қаласында полицейлер баланы өрттен алып шыққан
Шығыстағы Алтай қаласында полиция қызметкерлері өртенген үйден баланы құтқарды. Патрулдік полиция қызметкерлері қызмет барысында жүріп, жеке үйлердің бірінен қою түтінді байқаған. Бірден сол аумаққа жеткен кезде Алтай көшесіндегі №3 үйдің өртеніп жатқанын көреді. Жылап жатқан баланың дауысын естіп, қос полиция бірден терезені шағып, үйге кіріп, тұншыққан баланы сыртқа алып шығады. Көп ұзамай оқиға орнына өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем бригадасы келеді. Ал құтқарылған бала ауруханаға жеткізілді. Қазір оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ.
Автор
Олжас Керейхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04