Шымкентте ауаны ластаған 3 кәсіпорынның жұмысын тоқтатты
Шымкентте атмосфераға тарайтын зиянды қалдық көлемі 31 мыңнан 40 мың тоннаға дейін өскен. Экологтар жыл басынан бері табиғатты қорғау талаптарын бұзғандарға 63 әкімшілік хаттама толтырып, 288 миллион теңге айыппұл салды. Заң талаптарын сақтамаған үш кәсіпорынның жұмысы сот шешімімен уақытша тоқтатылған. Қаладағы ауа сапасы 7 бекет арқылы бақыланады. Шығарындылардың артуына байланысты рейдтік тексерулер де күшейтілді.
Ермахан Қозыбаев, қалалық Экология департаментінің басшысы:
Егер рұқсат құжаттары болмаса, 328-баптың 4-тармақшасына сәйкес сотқа жолданады. Сондай екі мекемеге қатысты да сотқа жолданған болатын. Қазіргі уақытта осы мекемелерге айыппұлдар салынып, сот шешімімен уақытша тоқтатылды.
Автор
Ернұр Уәлихан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04