Астанада C5+1 конференциясы басталды
Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы C5+1 конференциясы басталды. Бұл жолы ауқымды іс-шара жасанды интеллект пен цифрлық ынтымақтастықты дамытуға арналып отыр. Атап айтқанда, озық технологияларды, цифрлық деректерді өңдеу орталықтарын дамыту, киберқауіпсіздікті нығайту көзделген. Сондай-ақ америкалық компаниялармен бірлескен жобаларды арттыру мәселелері талқыланады. Конфереция барысында ірі кәсіпорындар ортақ бастамаларды қарастырып, өзара тәжірибе алмасады.
Марк Кэмерон, АҚШ Мемлекеттік
хатшысының Орталық Азия және қоғамдық дипломатия жөніндегі көмекшісінің
орынбасары:
АҚШ Орталық Азияда жасанды интеллект жобаларын дамыту үшін 5 миллион доллар жұмсайды. Біз қаржыны грант арқылы бөліп отырмыз. Өйткені басты рөлді жеке компаниялар атқарады. Қазақстан бірқатар маңызды жобаны іске асыруға үлес қосады деп сенеміз.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04