Шымкенттегі опера және балет театрын салатын мердігер ауысты
Шымкентте созбалаңға салынған опера және балет театрының құрылысын енді жаңа мердігер жүргізеді. Бұған дейін таңдалған компания міндетін тиісті деңгейде орындай алмағандықтан, онымен жасалған келісімшарт бұзылды. Енді мемлекеттік сараптаманың қорытындысы шыққан соң жаңа мердігер құрылысқа кіріспек. Ал бұрынғы компанияға төленген авансты қайтару үшін сотқа талап арыз берілген.
Ердәулет Әжібаев, қалалық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:
Келісімшарттың талаптарына сәйкес алғашқы аванстық төлем жүргізілген. Қазір ол алғашқы мердігермен келісімшарт үзілгеніне байланысты аванстық төлемді қайтару бойынша сотқа талап-арыз жолданды.
Қолданыстағы мәдениет нысанының салынғанына қырық жылдан асқан. Көрермен залы
330 орынға есептелген, ал шағын сахна көлемді қойылымдарға тарлық етеді. Бұған
қоса, ғимараттың акустикалық және техникалық мүмкіндігі бүгінгі талапқа сай
емес. Соған қарамастан, театр ұжымы ұлттық және әлемдік классиканы сахналап,
шығармашылық жұмысын жалғастырып келеді.
Автор
Ернұр Уәлихан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04