Главная Новости Өңірлер цифрлық дамуда Астана тәжірибесін пайдалануы тиіс

Өңірлер цифрлық дамуда Астана тәжірибесін пайдалануы тиіс

Өңірлерді цифрлық трансформациялау жұмыстарында бірқатар мәселе бар. Шешімдер бір-бірінен бөлек дамып, өзара интеграцияланбаған. Үкімет отырысы кезінде Премьер-министрдің орынбасары – Цифрлық даму және жасанды интеллект министрі  осылай деді. Жаслан Мәдиев облыстар Астананың тәжірибесін пайдалануы тиіс екендігін айтты. Қазір елордада AI-Native City жүйесі қарқынды енгізіліп жатыр. Яғни кез келген салада халыққа қажетті шараларды жасанды интеллект алдын ала болжап, жұмыс бағытын айқындап отырады.

Жаслан Мәдиев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:

Озық тәжірибелер бүкіл ел бойынша жүйелі түрде енгізілуі тиіс. Бұл көлік, коммуналдық инфрақұрылымды және қауіпсіздікті кешенді басқаруға мүмкіндік береді. Бүгінде Smart City шешімдері қала халқының 25%-ын қамтиды. 2027 жылы көрсеткішті 50%-ға, ал 2028 жылы 70%-ға жеткізу жоспарлануда.

Поделиться