Тау беткейлері бекітіліп жатыр
Алматының Медеу ауданында жердің опырылу қаупі бар 48
учаске анықталған. Оның 18-іне қажетті жұмыстар жүргізіліпті. Яғни, қауіп
біршама сейілген. Бұл туралы брифингте аудан әкімі Еркебұлан Оразалин айтты. Жауаптылардың сөзінше, қалған 30 аумақ
мамандардың тұрақты бақылауында. Қазір қауіпті аймақтарда тау беткейлері
бекітіліп жатыр. Ол үшін бетон қабырғалар орнатылып, топырақтың төмен қарай сырғып
кетуінің алдын алу шаралары жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, бұл сақтық
шаралары топырақтың бірден жылжу қаупін азайтып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету үшін жасалып жатыр.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04