Шымкентте 150 орындық оңалту орталығы ашылды
Шымкентте ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Кешенде ем-доммен қатар, қозғалысты қалпына келтіруге, күнделікті дағдыларды дамытуға, еңбекпен және шығармашылықпен айналысуға жағдай жасалған. Оңалту корпусында физиотерапия, механотерапия, массаж, сумен емдеу, логопедиялық және психологиялық көмек көрсетіледі. Арнайы шеберханалар мен уақытша тұруға арналған стационар да қарастырылған. Нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бой көтеріп, құрылысы жоспарланған мерзімінен бұрын аяқталды.
Жандос Тұрлыбекұлы, дәрігер-реабилитолог:
4,5 мыңнан аса 1-2 топ ерекше жандар бар қаламызда. Шаһарда 1 ғана мұндай орталық бар еді. 70 жатын орынға есептелген. Ал мынау 150 орынға лайықталып отыр.
Автор
Ернұр Уәлихан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04