Өкпе обырын ерте анықтауға арналған бағдарлама іске қосылады
Елімізде келесі жылдан бастап бірнеше өңірде
өкпе обырын ерте анықтауға арналған пилоттық жоба іске қосылады. Былтыр елде
қатерлі ісіктің 43 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркелген. Өкпе обыры онкологиялық
аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші бойынша бірінші орында тұр. Жаңа
бағдарлама аясында төмен дозалы компьютерлік томография қолданылады. Скринингті
аурушаңдық пен өлім-жітім жоғары өңірлерде өткізу жоспарланған. Сонымен қатар,
Қазақстанда әйелдерге сүт безі және жатыр мойны обырын анықтауға арналған
скринингтер тегін жүргізіледі. Ал 50 мен 76 жас аралығындағы азаматтар тоқ ішек
обырына тексеріле алады. Дәрігерлер қатерлі ісікті ерте анықтау емнің
тиімділігін арттырып, асқыну қаупін төмендететінін ескертеді.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04