Жедел жәрдем жұмысына қатысты бірнеше өзгеріс күшіне енді
Бүгіннен бастап жедел медициналық көмек көрсетуге қатысты
бірқатар өзгерістер күшіне енді. Жаңа тәртіп бойынша жедел жәрдемнің жолға
шыққаны туралы науқасқа автоматты түрде хабарланады. Ал бригада қызметкерлеріне
қауіпсіздік үшін бейнетіркегіш жетондар тағу міндеттеледі. Оның көмегімен
пациентке қызмет көрсету және ауруханаға тасымалдау кезін аудио және
бейнежазбаға түсіруге болады. Сондай-ақ, «Төртінші жеделдік санатындағы
шақырту» деген ұғымның орнына «шұғыл жағдай» деп қолданылады. Пилоттық жоба
әзірге Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысында сынақтан өтіп жатыр. Нәтиже жоспарға
сай болса, басқа өңірлерге де енгізіледі.
Автор
Мерей Мұсақызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04