Әр-Рияд әуежайы сенбіге дейін жабылды
Cауд Арабиясының астанасы әр-Риядтың Король Халид атындағы халықаралық
әуежайы сенбіге дейін жабық болады. Оның жұмысын тоқтату туралы шешім мерзімі
бүгін ұзартылған. Сонымен қатар мұнда барлық ұшақ сапарлары доғарылып жатыр. Бұл авиациялық портқа йемендік хуситтер сенбіден бері екі мәрте шабуыл
жасап, 14 адам мерт болып, 320-ға жуығы жараланды. Саудия азаматтық авиация басқармасының мәлімдеуінше, әуежай қауіпсіздік
мәселесі шешіліп, қызметке дайын болғанда қайта іске қосылады. Ираншыл шиит-хуситтер Саудия Йемен үкіметінің армиясына көмектескені үшін
оның аумағына қайта-қайта соққы беріп жатыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04