Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
Франция үкіметі
бірнеше қалаға коменданттық сағат енгізді. Сондықтан Париждің орталығы мен
Марсельде, Бордода, Лионда, Ницада жастардың жүруіне шектеу қойылып, бір жерге
жиналуына тыйым салынып жатыр. Бұл режим түнгі сағат
11-ден таңғы алтыға дейін сақталуы тиіс. Айта кетсек,
Францияда білім алуға жағдай жасауды талап еткен оқушылар демонстрациясы үлкен
тәртіпсіздіктерге ұласты. Мұндай жағдайға енді жол бермеу үшін көшелерге қосымша
полиция қызметкерлері шығарылып жатыр. Президент Эммануэль
Макрон, соңғы күндердегі вандализм мен тонау әрекеттерін қатаң сынап, оларды мұқия
тергеуге тапсырма берді.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04