Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
Ресей АҚШ-тың қатысуымен
қарашаның басында Украинамен келіссөздерді қайта жандандыруға дайын. Мұны Ресей
президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді. Оның болжамынша, үшжақты кездесу
Әбу-Дабиде қарашаның 10-да немесе одан кейін өтіп, онда соғыс аяқталғаннан
кейін Украина мен Ресейге қауіпсіздік кепілдігін беру мәселесі талқылануы мүмкін. Айта кетсек, сәрсенбі
күні Санкт-Петербургтың императорлық сарайында Владимир Путин мен АҚШ-тың
арнайы елшісі Стив Уиткофф кездесті. Үш сағатқа созылған келіссөздерде Украина
мәселесі басты тақырып болды. Бұл жүздесуге
байланысты Украина президенті Владимир Зеленский де мәлімдеме жасап, үшжақты
келіссөздерді қолдайтынын білдіріп, атысты доғарып, дипломатия жолына түсу қажеттігін
атап өтті.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04