Қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
ШҚО-да қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды.
Оқиға Күршім ауданындағы Құйған ауылдық округіне қарасты Татарка елді-мекенінде
болған. Электр желілерін жөндеуге барған мамандар мінген екі автокөлік қалың қарға
батып қалған. Құтқарушылар көмекке дер кезінде келіп, арнайы техниканың көмегімен
мамандарды жақын маңдағы ауылға жеткізді. Бұдан бөлек, Күршім ауданында жол талғамайтын
көлік бұзылып, 5 адам жолда қалған. Байланысқа Starlink арқылы шығып құтқарушыларды
шақырған. Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті көлік жүргізушілеріне
жолға шығар алдында күн райын қадағалап, дауылды ескертулерге назар аударуға шақырады.
Автор
Бекарыс Секен
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04