7 микроқаржы ұйымын лицензиясынан айырды
Елімізде жеті микроқаржы ұйымы лицензиясынан
айырылды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тексеру барысында
ұйымдардың заң талаптарын жүйелі түрде бұзғанын анықтады. Бұл туралы
агенттіктің баспасөз қызметі хабарлайды. Лицензияны қайтарғандардың ішінде
«MaxMoney» ЖШС, «Microfinance Systems», «SurfKaz Finance», «MFO№1», «Үміт Финанс»,
«Вивус», «EL QAZYNA» ЖШС-тері бар. Аталған ұйымдар бұдан әрі шағын несие бере
алмайды. Сондай-ақ қолданыстағы келісімшарттардың шарттарын өзгертуге олардың құқығы жоқ. Заң бойынша
бұл Микроқаржы ұйымдары 30 күн ішінде атауларынан «микроқаржы ұйымы» деген
сөзді алып тастап, қайта тіркелуге тиіс. Болмаса, компанияны қайта құру немесе
толық тарату туралы шешім қабылдануы керек.
Автор
Аида Ахметбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04