«ҚазАвтоЖол» банктерден 700 млн долларға дейін кредит алмақ
«ҚазАвтоЖол» банктерден 700 млн долларға дейін кредит алмақ. «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы Halyk Bank, Банк ЦентрКредит және Еуразиялық банк кіретін қазақстандық банктер синдикатымен 700 млн долларға дейінгі кредиттік келісімге қол қойды. Қаржы 2034 жылға дейін беріледі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Қаражат жаңа қарыз алуға емес, «ҚазАвтоЖолдың» Қазақстанның Даму Банкі алдындағы қолданыстағы берешегін қайта қаржыландыруға жұмсалады. Бұған дейін ұлттық компания республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жобаларына осы банктің қаражатын тартқан. Синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастырушы әрі агент-банк – Halyk Bank.
Автор
Аида Ахметбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04