3 қарашада «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады
«Ұмай» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау 3 қараша басталады.
Бағдарламаның екінші кезеңінде 20 млрд теңге қарастырылған. Бірінші кезеңде 9 млрд теңге бөлінген еді. Ол қаражатқа 420 несие рәсімделген. Өтінім беру үшін «Отбасы банк» сайтына кіріп, маманмен бейнебайланысқа шығуға болады. Жақын жердегі кеңес беру орталығыда құжат қабылдайды.
Еске салайық, әйелдерге арналған «Ұмай» бағдарламасына қатысу үшін кемі 6 ай ресми табысыңызды растау қажет. Ипотека бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 14,8 пайыз деп көрсетілген. Несие 50 млн теңгеге дейін беріледі. Бастапқы жарна Астана мен Алматыда 20, өңірлерде 15 пайыздан басталады. Бағдарламаға үмітті отбасының орташа айлық кірісі 1 млн 250 мың теңгеден аспауы тиіс.
Автор
Аида Ахметбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04