Каппадокияда үстіне тас құлаған үш адам көз жұмды
Түркияның әлемге әйгілі туристік орталықтарының бірі
Каппадокияда қайғылы жағдай болды. Жартасқа қашалған тарихи үйлердің бірі
опырылып, бірнеше адамды басып қалған. Тастың астында қалған үш адам оқиға
орнында көз жұмса, түрлі жарақат алған бес адам ауруханаға жеткізілді. Қайғылы
жағдай болған Невшехир губернаторының айтуынша, қайтыс болғандардың екеуі
ерлі-зайыпты түркиялықтар, ал біреуі Франция азаматы. Жарақат алғандардың
ішінде аяғы сынған бір адам ғана ауруханада жатыр, қалғандары жеңіл жараланған.
Оқиғаға қатысты тергеу басталды. Мамандар бұл апат өңірде бірнеше күннен бері
тоқтамай жауып тұрған жаңбырдың кесірінен болған деген болжам жасап отыр.
Автор
Айдос Әшімұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04