БҚО-да қызылша дертін жұқтырғандар көбейді
Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері
300-ден астам адамнан қызылша ауруы анықталды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 17
есеге көп. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаменті мамандарының мәліметінше, өңірде өткен жылы осы мерзімде тек 18
науқас тіркелген. Бұл жағдай қызылша инфекциясының таралуына жол бермеу және
профилактикалық шараларды күшейту қажеттігін көрсетеді. Дәрігерлердің айтуынша,
қызылшадан қорғанудың ең тиімді жолы — вакцинация. Қызылшаға қарсы жоспарлы
вакцинация балаларға 12 айында және 6 жасында жүргізіледі. Ауру, әсіресе,
балалар арасында жиі кездескенімен, қызылшаға қарсы екпе алмаған ересектер де жұқтыруы
мүмкін.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04