Каспийдегі оқиғаға қатысты 8 лауазымды тұлға қамауға алынды
Каспийдегі әскерилердің қазасына қатысты
қылмыстық іс бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынып, 30-дан астам сот
сараптамасы мен зерттеу жүргізілді. Бас прокуратураның мәлімдеуінше, қызметіне
салғырт қарады және кеме жүргізу қағидаларын бұзды деген күдікпен 8 лауазымды
тұлға қамауға алынған. Олардың қатарында Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы,
оның орынбасарлары, әскери бөлімдердің командирлері және катер капитаны бар. Ішкі
істер министрлігі тергеуді жалғастырып жатыр. Жақын арада қылмыстық процеске
қатысушыларды іспен таныстыру жоспарланған. Тергеу барысы Бас прокуратураның
ерекше бақылауында.
Автор
Аида Ахметбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04