Ресей, Украина мен АҚШ арасында үш жақты келіссөз өтеді
9 ай үзілістен соң бүгін Киев, Мәскеу мен Вашингтон Украинадағы соғысты аяқтау бойынша келіссөздерді қайта бастайды. Екі күнге жоспарланған кездесу Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде өтеді. Келіссөзде қозғалатын басты тақырыптардың бірі күллі Еуропаның қауіпсіздігі болмақ. Ресей мен Украинаның соғыстан кейінгі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тараптарға берілетін қауіпсіздік кепілдіктері, Украинаның экономикалық даму болашағы мәселелері талқыланады. Украина делегациясын Рустем Умеров, Ресей делегациясын Владимир Мединский басқарады. Талқылау жабық форматта өтеді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04