7 жылда 3,6 млн жұмыс орны ашылды
Соңғы 7 жылда елімізде 3,6 миллионнан астам жұмыс орны ашылды. Оның 2,4 миллионы тұрақты жұмыс. Мәселен, тек өткен жылдың өзінде 564 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Оның 64 пайызы тұрақты жұмыс орындары. Өңірлер арасында Ақмола және Қостанай облыстары көш бастап тұр. Екі өңірде де бұл көрсеткіш 76 пайыздан асқан. Ал Жамбыл облысында 38 мың, Ақтөбе облысында 38,5 мың адам тұрақты жұмыс тапты. Салалар бойынша жаңа жұмыс орындарының басым бөлігі экономикалық бағыттарды дамыту және білім беру мен ауыл шаруашылығына тиесілі. Атап айтқанда, білім беру саласында 80 мың, ауыл, орман және балық шаруашылығында 60 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.
Автор
Раушан Сайлауқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04